Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың білімге деген құштарлығын ояту;
Қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, бірлесе әрекет етуге итермелеу.
мемлекеттік
грант иегері
жылдан бастап
жұмыс істейміз
шәкірт білім
алып жатыр
Қор 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Алғаш рет демеуші, серіктес, аудиторияның қолдауымен Ақтөбе қаласында 35-тен 100-ге жуық шәкіртті ҰБТ-ға дайындап, қазір солардың 70% грантқа түсіп отыр. Бүгінде Астана, Балқаш, Қарағанды, Көкшетау қалаларында 100 бала шәкірт атанып, дайындықты бастап кетті.
Әр баланың оқуға деген ынтасын ашу арқылы қоғамда өз орнын табуға жағдай жасау
Балалардың теңдей білім, тәрбие, мүмкіндік алуын қамтамасыз ету
Қоғамда қайырымдылық мәдениет қалыптастырып, кез келген адамды үлес қосуға шақыру
Балаларды қосымша білім беру орталықтарына жолдап, қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – «Сапалы білім» бағыты.
Сабақ үлгерімін қадағалап әрі қоғамға бейімделуі үшін ментор-профориентологтарды жұмылдыру – «Тәлімгерлік клуб».
4-6-сынып оқушыларын дарынды балаларға арналған мектептерге оқуға түсуге дайындау:
— РФМШ
— НИШ
— БИЛ
— Дарын
— Физ-Мат және т.б.
9-11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындап, жоғары оқу орнына түсуге көмек беру.
Мерзімі: 10 ай
Шәкірттерді әлеуметтік ортаға бейімдеу: психологиялық кеңес, іс-шаралар, профориентация, жоғары оқу орындарымен танысу және т.б.
Мерзімі: 12 ай
Әр қосқан үлесіңіз маңызды. Жиналған қаражат балалардың білім алуына жұмсалады: ай сайын оқу ақысы, құрал-жабдық, профорентациялық, қайырымдылық әрі әлеуметтік іс-шара.