28-тамызда өткен қайырымдылық кеші біздің 1 жылдық жұмысымыздың қорытындыларымен бөліскен кеш болды.
2023 жылдың тамыз айында Астанада бірнеше кісімен ғана басталған жоба уақыт өте қатарына осы мәселеге селқос қарамайтын, жанашыр кісілермен толықты. Толығуда. Грант жеңген әр түлек, қазір университеттерде білім алып жатқан әр шәкірт, сабағы үштіктерден төртке көтерілген әр бала ортақ жеңісіміз. Әрине, бұдан да басқа қаншама өзгерістерге себеп болдық.