Ыбырай жолы

2018 жылы жоба мұқтаж отбасыларға азық-түлік тарату, көмірмен қамтамасыз ету, “Мектепке жол” акциясымен басталды.

Бірақ, мәселені тамырымен жою үшін сауаттылықты арттыру керек екенімізді түсіндік.

Осылайша мектеп жасындағы балалардың білім деңгейін көтеріп, университеттерге дайындаумен айналыса бастадық. Бірінші кезекте ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды оқытамыз деп шештік.

Миссия

Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың білімге деген құштарлығын ояту

 

 

Шешім

Балық бермей, қармақ беру: қармақ = білім. Балаларға көмектесу үшін оларға сыйлық апару қажет емес, білім деңгейін көтеріп, саналы өмір сүруге бағыттау керек.

Білім беру

7-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау; 5-6 сынып оқушыларын дарынды мектептерге түсіру.

 

 

Әлеуметтендіру

Ортаға жылдам бейімделуіне жағдай жасау, волонтер студенттердің менторлық бағдарламасы.

Білім беру

Әр бала өзі таңдаған пәндер бойынша Today, Dostyq, Zhuldyz Melden, Altyn belgi оқу орталықтарында білім деңгейін көтереді, 7-11 сынып – жоғары оқу орны мен колледжге түсуге дайындау, 5-6-сынып – Дарын, Зерде, НИШ, БИЛ, РФМШ мектептеріне дайындау

Қор жобалары

Ybyrai Brain Rain

Қор жанашырлары арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды

Ybyrai x Spectrum

Spectrum халықаралық балабақшаның ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңке

Volleyball
Cup Game

10-ға жуық команда арасында қайырымдылық волейбол жарысы

Бизнес
таңғы ас

Қор серіктесі, кәсіпкер Ерлан Андасбаевпен бірге «Бизнес таңғы ас» жобасы

Ағаш отырғызу акциясы

Шәкірттер мен серіктестер бірігіп «Балалар қалашығының» ауласында тал екті

Менторларға арналған семинар

Ментор ұстаздың рөлі мен шәкірт образын түсінуге бағытталған даму семинары

Edit Template

Университет аралау

Астанадағы Nazarbayev University, NMU, AIU университтеріне профориентациялық экскурсия

Түлектермен кездесу

Ақтөбеде білім алған Мерей және Жансая шәкірттеріміз Астанаға қонаққа келді. Қазір екеуі де Х.Досмұхамедов атындағы университеттің 2-курс студенті

Ybyrai x Harmony

Harmony School мектебі шәкірттерге профориентациялық семинар/ тренинг ұйымдастырды

ҰБТ семинары

9-11-сынып шәкірттеріне арналған жоғары білімнің маңызы, стресспен күресу, мамандық таңдау туралы семинар

"Жарқын болашақ" байқауы

 11-сынып Ыбырай шәкірттеріне арналған байқау. Бас жүлде — СДУ, ЕҰУ университетіне грант

Бітіру кеші

2023-2024 жылғы Ыбырай шәкірттерінің бітіру кешінен үзінді

Edit Template